«Табысыңды өзіңе жұмсама!»

1497
Adyrna.kz Telegram

24 маусым күні Қостанай қаласында «Жастар ресурстық орталығында» «Жастарға мүмкіндік» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында жалғасын тапты.

Жоба жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында қаладағы белді кәсіпкер, ресторатор Нұрмахан Сопбеков жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелері мен жіберген қателіктері жөнінде айтып берді.

«Оқу бітіре сала бизнес ашамын деген қате түсінік. Кез-келген адам компания блсын, мемлекеттік жұмыс болсын коллективпен жұмыс істеп көру керек. Бірінші этаптан өтпесең бизнес аша алмайсың. Бір жерде тұрақты жұмыс істеуді үйрену керек.», - дейді кәсіпкер.

Одан бөлек, бизнес ашудағы қыр-сырлары мен басынан өткен қиындықтары жайлы айтып берді. Біздің ең үлкен қателік алғаш тапқан табысты өзімізге жаратуымыз. Кез-келген істе айналымға келгенше өзіңді, шығыныңды тежей тұру керек деген кеңес айтты.

 

 «Ешқашан өз ісіңді бастаудан қорықпаңыздар. Ең бастысы - Сіздің нақты арманыңыз бен мақсатыңыз, өзіңізге деген сенім болуы керек. Арман мен сенім жетістікке жеткізеді. Алайда, ең үлкен мотивация - Арман. Ең күшті қару – Сенім.», - дейді кәсіпкер.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.

Пікірлер