Нүкістегі жағдай: көше тыныш, халық алаңдаулы

2201
Adyrna.kz Telegram

Бір тәулікке жуық жарылыстар орын алып мен оқ атылған Нүкісте бүгін тыныштық. Ауруханаларда жараланғандар көп. Адамдар қаза тапқандар мен ұсталғандардың арасынан туыстарын іздеуде. Көшелерде жанып жатқан дөңгелектер мен қан іздері көрінеді. Ертең олар көлік жолдарын ашып, базарлардың жұмыс істеуіне рұқстар береміз деп уәде береді. Шухрат Латиповтың фоторепортажынан суреттер.

Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында 1 шілде күні түстен кейін белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов ұсталған соң жаппай шеру өтті. Оның алдында республика тұрғындарының Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанның егемендік мәртебесіне қатысты өзгертулер енгізуге қарсы бірнеше күндік жеке және ұжымдық наразылықтары өтті.

Осы күндері облыста мобильді интернет, кейін стационарлық интернет шектелді. Қарақалпақстан мен Өзбекстан билігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеді және 1 шілде күні кешке дейін тұрғындардың сөзіне көпшілік алдында жауап бермеді.

Қарақалпақстан парламентінің басшысы Мұрат Камалов наразылық білдірушілер алдына шығып, босатылды деп хабарланған Дәулетмұрат Тәжімұратовпен бірге көлігіне мініп, жиналған жұртшылыққа сөз сөйлегенде, жағдай тынышталғандай болды. Адамдар тарай бастады – «айтқанымызддың орындалып, мақсатымызға жеткенімізге қуандық», - деді оқиға орнында болған Нүкіс тұрғындары.

[caption id="" align="alignnone" width="680"] Медициналық мекемелердің бірінде жараланғандардың бірі[/caption]

[caption id="" align="alignnone" width="680"] Жараланған сарбаздар әскери госпитальда[/caption]

Пікірлер