Жас бүлдіршіндердің қатысуымен "Домбыра самға! Қазақстан жайна" фестивалі өтті

3012
Adyrna.kz Telegram

Кішкентай өнерпаздардың қатысумен Домбыра күніне орай фестваль өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Балалар домбыра сабақтарында меңгерген ән әуендерін топтаса шертті. Халық әндерін домбыраға сүйеніп орындады. Түрлі аспаптардың үйлесімімен негізінен домбыраға сүйеп күй де тартты.

Кішкентай өнерпаздар ортасында олардың жетекшілері отырды. Жас домбырашылардың өнер топтары арасынан қазақ өнерінің қайраткері Қанат Құдайбергенов те байқалды.

Ұлттың рухани тірегі домбыраны қастерлеген композициялық өлең жырлар мен әндер , осы тақырыпты айшықтап, бимен өрнектеп оған күй тарихын мазмұндайтын рең берген сахналық тартулар болды.
Көңіл толқуларынан , кішкентай жүректердің үлкен өнерге талпынған әрекеттерінен өнер жарысы ерекше салтанатпен өтті. Ұйымдастырушылар да қатысушылар да риза көңілмен тарасты.

 

Пікірлер