Жетісу облысында тас жолда көкпар ойнағандардың бейнесі тарады (ВИДЕО)

3189
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде бір топ шабандоздардың тас жолда көкпар өткізген видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Талдықорған-Текелі тас жолында көкпарға қатысушыларды ашуға булыққан жүргізушілер видеоға түсіріп алған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ат спорты жарысын ұйымдастырушылардың қазірдің өзінде ұсталғанын хабарлады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер көкпар ойынын ұйымдастырушыны, көп ұзамай қатысушылардың өздерін анықтады. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша хаттамалар құрылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қатысушылар өздерін қорғауда ойынға алданып қалғанын және жол жиегіне шығып кеткенін байқамай қалғанын хабарлады. Шабандоздар жол қозғалысына қатысушыларға ешқандай зиян келтірмеген», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Видеоны телеграм арнамыздан көре аласыздар.

Пікірлер