Наразылық білдірушілер президент резиденциясына басып кірді

2752
Adyrna.kz Telegram

Наразылық білдірушілер Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакстың резиденциясына басып кірді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

Шри-Ланканың коммерциялық астанасы Коломбода мыңдаған шеруші сенбіде үкіметке қарсы ірі шерулердің бірінде полиция баррикадаларын бұзып, президенттің ресми резиденциясына басып кірді.

Шри-Ланка туы мен дулыға ұстаған кейбір наразылық білдірушінің президент резиденциясына басып кірген сәттің видеосы жергілікті NewsFirst жаңалықтарынан көрсетілді.

Қорғаныс департаменті дереккөзінің айтуынша, президент Готабая Раджапакса жұмада демалысқа жоспарланған митинг алдында қауіпсіздігі үшін ресми ғимараттардан шығарылған.

Президент үйінен Facebook желісі арқылы тікелей эфирде жүздеген наразылық білдіруші көрсетілді. Раджапаксаға қарсы ұрандатқан шерушілер бөлмелер мен дәліздерге қаптап кіріп жатыр, олардың кейбіреуі ту жамылып жүр.

Жүздеген адам отаршыл дәуірден бар ғимараттың сыртқы аумағында жүрді. Қауіпсіздік күші көрінбеді.

Аурухана дереккөздеріне сенсек, наразылық кезінде кемінде 21 адам, оның ішінде екі полиция қызметкері жараланып, ауруханаға жатқызылды.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер