Рыбакина Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартты

2935
Adyrna.kz Telegram

Рыбакина Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлықақыдан бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Рыбакина жеңісі үшін мемлекеттен қаражат алмайды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті былай деп түсіндірді:

"Халықаралық жарыстардың чемпиондарына, жүлдегерлеріне, сондай-ақ жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеу Үкіметтің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 152 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлемдер қарастырылмаған", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Елена Рыбакинаның өзі Қазақстан теннис федерациясынан берілетін сыйлық ақыдан бас тартқан.

"Біз Еленаға қаржылай көмек бергіміз келген, алайда бас тартты. Одан бөлек, ол жүлде үлесін қайырымдылық пен юниорларды қолдауға жұмсағысы келеді", - дейді ҚТФ вице-президенті Юрий Польский "Матч ТВ-ге" берген сұхбатында.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер