Тепкілеп тастаған: Атыраулық журналиске шабуыл жасалды

2841
Adyrna.kz Telegram

"Дорожный контроль" порталының журналисі Олеся Вертинскаяға өз үйінің жанында шабуыл жасалды. Шабуылдаған адам әйелдің мұрнын сындырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

19 шілдеде үйден шыға берісте тілшіге бейтаныс ер адам жақындаған. Ол көмек сұрап, содан кейін журналистің бетінен ұрған, содан кейін ол құлаған, ал әлгі ер адам оны тепкілей берген. Олесяны өтіп бара жатқан адам құтқарып қалды. Ауруханада оған мұрны сынған деген диагноз қойылды.

Олеся қазірдің өзінде шабуыл фактісі бойынша полицияға шағым түсіріп үлгерді, оған сөз бостандығын қорғау халықаралық «Әділ сөз» қоры заңгерлік көмек көрсетеді.

Бір қызығы, 16 шілдеде болған шабуылдың алдында әйелге қоқан-лоққы жасалып, ол тіпті бұл туралы арызбен прокуратураға жүгінген. Оған белгісіз нөмірден хабарламалар келіп түскен, онда журналистке аты аталмаған ЖШС иесіне абай болу керектігі айтылған.

13 шілдеде Вертинскаяға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокуратураға түскен арыздан кейін іс жабылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер