"Рейдерлердің күні бітті": Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды

5133
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;

- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;

- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;

- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал , Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені жайлы ақпарат тараған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер