Ақтөбелік оқушыға 4,5 млн теңге сыйақы табысталады

5104
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбелік Санжар Хамитов география пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы 54 елден қатысқан 200 үміткердің ішінен топ жарған.

«IGeO-ге бір рет болса да қатысуды армандап, 9-сыныптан бастап дайындалдым. Күміс медаль ғана алатын шығармын деп ойладым. Алайда күдігім расталмады. Өте қуаныштымын»,— дейді ол.

Айта кетейік, халықаралық олимпиада жеңімпазына 4,5 миллион теңге сыйақы табысталады. Сондай-ақ ол кез келген жоғары орнына ҰБТ-сыз түсе алады.

Пікірлер