Ресейден келген бизнесмен “Қайрат” футбол клубын сатып алуы мүмкін

2429
Adyrna.kz Telegram

Бизнесмен Тимур Турлов Алматының «Қайрат» футбол клубын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің sport.ru порталы хабарлады.

Ол «Freedom Holding Corp» корпорациясының негізін қалаған кәсіпкер. Қазір осы компанияны басқарады.

Биыл бизнесмен Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстанның азаматтығын алған соң, мамыр айында еліміздің ең ауқатты 50 кәсіпкерінің қатарына қосылды.

2020 жылы «Freedom Holding Corp» Қарағандының «Шахтер» командасына қаржылай қолдау көрсетті. Содан кейін «Super Bol» жобасының демеушісі болды.

Енді Турлов істі болып отырған «Қайраттың» басшысы Қайрат Боранбаевтың орнына клубты сатып алуы мүмкін деген дерек бар.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер