Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап кетті (ВИДЕО)

3256
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ер адам ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні 17-шағын ауданда болған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

«Сағат 03:50-де кезекші бөлімге мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігіттің ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Ол есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Марқұм еңбек демалысында болған»,— деп түсіндірді ведомство.

Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер