Алматыда пәтерден анасы мен екі бала өлі табылды

2180
Adyrna.kz Telegram

Алматыда "Мамыр" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен үш адамның өлі денесі табылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 тамызда Жедел басқару орталығына "Мамыр" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Материал жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнына барған полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров тергеуді жеке бақылауына алды", - делінген хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер