Түркістан облысында әкім орынбасары 13 жастағы қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады

2025
Adyrna.kz Telegram
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Түркістан облысында әкім орынбасары 13 жастағы қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жасөспірім қыз отбасымен бірге кешкі серуенге шыққан. Қыз үйіне ертерек бармақ болып, ата-анасынан бұрын кетіп қалған. Осы сәтте үйіне жалғыз қайтып бара жатқан жасөспірім қыздың соңына белгісіз ер адам түскен.

Шашынан тартып, шетке қарай алып шыққан. Онымен қоймай бетінен шапалақпен ұрып, жерге құлатқан. Арам ойлы адамның қолына түскенін сезген қыз бірден айқайлаған. Ал күдікті оның аузын жауып, қылқындырып, барынша өз дегеніне жетуге асыққан.

Осы кезде екі адамның арпалысып жатқан бейнесін ауыл әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжаппарұлы байқап, бірден көмекке ұмтылған. Жүгіріп келе жатқан адамды көрген күдікті қаша жөнелген.

Ер адам 20 жылға түрмеге тоғытылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер