Мектеп формасы: 150 мың отбасыға бюджеттен қаржы бөлінеді

2329
Adyrna.kz Telegram

Жаңа оқу жылы қарсаңында 150 мыңға жуық отбасына мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алу үшін бюджеттен қаржы аударылады. 

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі материалдық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұған дейін өңірлерде бөлінген сома 17 мыңнан 40 мың теңгеге дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгені құрап отыр.

«Сондай-ақ көмек көрсету тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және т.б. балаларымен бірге таңдап, сатып алуы үшін жеке шоттарына ақша аударылады. Бұрын мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және ол тауарлардың өлшеміне, сапасына және т.б. байланысты мәселелер туындайтын»,- делінген Оқу -ағарту министрлігінің хабарламасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер