Ақтауда пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды (ВИДЕО)

2964
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда пәтерлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полицейлер адам өлтірген қылмыскерді ізін суытпай ұстады.

«2022 жылы 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталып, Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді»,– делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

<

Пікірлер