Аймағамбетов: Қазақстанда онлайн-мектептер мен колледждер ашылуы мүмкін

2744
Adyrna.kz Telegram
Елімізде онлайн мектептер мен колледждерді енгізу заңды негізде бекітілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады,  деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Әрине, онлайн оқуға әркім әртүрлі көзқарас танытуы мүмкін. Бірақ біз бұл қазіргі заманның шынайылығы екенін түсінуіміз керек. Біз онлайн мектептер мен колледждер бойынша норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін шаралар қабылдағымыз келеді", - деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша, бұл мәселенің шешімі алдын ала талқыланатын болады.

"Қазір интернеттің шегі мен шеті жоқ. Егер балалар елімізде онлайн колледждерде білім ала алмаса, олар шекаралас немесе басқа елдердің онлайн колледждерінде білім алады. Сондықтан бізде бұл мәселенің жоқ екенін айтудан гөрі, тиісті мәселені шешіп, заңдастыру керек", –  деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер