Қазақстандық оқушы әлемнің 28 университетінен шақырту алды

3214
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік түлек, «Алтын белгі» иегері Айбек Бердіхан әлемнің 28 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Биыл 125 High School мектебін аяқтаған жас дарынға әлемнің 7 елінің ЖОО-сы тегін оқу мүмкіндігін сыйлаған.

«Атап айтсам, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Польша, Венгрия, БАӘ және Кипрде орналасқан 28 университеттен шақырту алдым. 4 мемлекет бірден оқуға қабылдайтынын мәлімдеді. Жеңген гранттар құны 700,000 АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ АҚШ-тағы Wabash және North Central университеттері президенттік гранттарын ұсынды»,– деді білімгер «Адырна» тілшісіне берген сұқбатында.

Айбек Бердіхан экономика саласының білікті маманы болуды армандайды. Ол артынан ерген жас түлектерге өз ақыл-кеңесін де айтты.

«Қазіргі заманның талабы – жан-жақты болу. Сондықтан соған ілесу қажет. Ерте жастан ағылшын тілін үйренгендеріңіз абзал»,— деді жас түлек.

Пікірлер