Таразда Достық үйінде өткен "ҚХА Медиация кабинетінің Ашық есік күні" республикалық акциясы өтті

849
Adyrna.kz Telegram

     Медиация - Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті Тараптар қақтығысының деңгейін төмендету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты қызметі ҚХА Қоғамдық құрылымдарын және мүдделі уәкілетті тұлғаларды шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

    2022 жылдың 5 тамызында Тараз қаласының Достық үйінде өткен "Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің Ашық есік күні" республикалық акциясына судьялар, ішкі істер, әділет және адвокатура органдарының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдері, Жамбыл облысының ҚХА және  өңірлік Ардагерлер кеңесі жанындағы билер және БАҚ тілшілері белсенді қатысты.

   Алғы сөзімен Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова сөз сөйледі: - Медиаторлар  - саяси этникалық ортада ешқандай сөгіс  пен жанжалға жол бермейтін, керісінше дау-дамайды болдырмау және әділетті түрде шешетін,  ең бастысы – адамдардың мәселелерін қабылдай алатын келіссөз жүргізе алушылар. Этникалық қақтығыстарды тоқтату өте қиын екенін бәріміз білеміз. Міне, осы құбылыстың алдын алу үшін біз сіздермен біргеміз, медиатор жолдастар! Сондықтан, үнемі бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

    Одан әрі Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Ләззат Рамазанова "Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңнаманы жетілдіру"  тақырыбында баяндама жасады. Ол жазаланушыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы заңнаманы жетілдіруге және оны қолдану тәжірибесінде медиацияны қолдануға тоқталды. Оның сөз сөйлеуі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

    Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев те елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік Әділет жұмысы, реформалар туралы былай деді: -ҚР-да жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның мақсаты - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру ғана емес, қазіргі уақытта биліктің әлеуметтік сұраныстарды барабар және уақтылы шешу қабілеті маңызды.

   Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тахмина Сұлтанова өз сөзінде "Отбасылық даулардағы Медиация" тақырыбын ашып, келісім жасау кезіндегі бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, спикер ювеналды сот пен ҚХА құрылымдары арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты атап өтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдерді оңалтуға этномәдени бірлестіктер тартылғанын атап өтті.

    Жамбыл облысы ардагерлер Кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы жанжалдарды шешуге белсенді қатысып, медиаторлармен бірге халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндіктері мен жағымды жақтарын белсенді насихаттап жүрген билердің жұмысы туралы айтып берді.

    Іс-шараның модераторы, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Спикер этномедиацияның өзектілігіне баса назар аударып, бұл ретте алғашқы қадамдар жасалғанын атап өтті: – "Этносаралық жанжалдар және олардың алдын алу", "Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі" семинар-тренингтері өткізілді, оған мемлекеттік қызметшілер, күш құрылымдарының, білім беру саласының өкілдері қатысты. Алған базалық білім этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталады және жанжалдар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылатын болады деп үміттенеміз. Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация институтын дамыту бойынша жұмыстың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар жобасымен таныстырды.

   Іс-шара медиаторлар өз тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді айтқан диалог алаңымен аяқталды. Барлық қызықтырған сұрақтарға судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері толық, құзыретті жауаптар мен кеңестер берді.

Пікірлер