Қайрат Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды

3317
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер, 240 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды.     

Сатыбалдыға қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.  

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр. 

Елде және шетелде қосымша жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден немесе 900 миллион АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен ақша анықталды. Олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер