Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді

1793
Adyrna.kz Telegram
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға өтініш берді. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баспасөз қызметі мәліметінше, облыс әкімі өтінішті 24 тамызда жазған. Негізгі шешімді Президент қабылдайтын болады.

Айта кетейік, 13 шілдеде сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Өмірзақ Шөкеев «Кентау әкімінің қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын» деген болатын.

Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалғанболатын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер