Тұңғыш қазақ: Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды

4312
Adyrna.kz Telegram

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық боксшы Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, супер орта салмаққа көтерілді және осылайша белбеуді иеленген Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбей қалды. Осылайша, WBO қазақстандықты ресми түрде титулдың толық иесі деп жариялаудан басқа амалы қалмады.

«Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпион мәртебесінен бірден толық чемпион мәртебесіне ауыстырылды», - делінген WBO хабарламасында.

Қазақстандық боксшы желіде өзінің жаңа статусына қатысты пікірін білдіріп үлгерді.

"Мен әлем чемпионымын! WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақпын. Бұл тарих! Мен өте қуаныштымын, Алла Тағалаға сансыз шүкір!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер