Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды

3360
Adyrna.kz Telegram
Фото:wikimedia.org
Фото:wikimedia.org

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан облысының жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сатыбалды Дархан Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған. 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Еске салсақ, Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев «ірі көлемде пара алды» деп кінәлі танылған Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа шыққан үкім күшіне енгеннен кейін отставкаға кетті.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер