«Антикор» қызметкеріне 15 миллион теңге айыппұл салынды

1761
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат таратылуда.

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотымен үкім шығарылып, заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды»,—делінген хабарламада.

Пікірлер