Астаналық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі вайндардың кейіпкеріне айналды

2142
Adyrna.kz Telegram

Жас дене шынықтыру мұғалімі туралы видео Қазнетте кең тарап жатыр.  Қысқа бейнелер сериясында кейіпкердің сабағын қазақ тілінде өткізіп, түрлі жағдайға тап болатыны көрсетіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Вайнның басты кейіпкері - Вячеслав Смирнов. Kemel мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді.

"Бұрыннан мұғалім болып жұмыс істегім келетін. Бұған дейін түрлі салада жұмыс істеп көрдім. Жақында педагогикалық білім алып, мектепке жұмысқа келдім. Қазақ тілін әскерде жүріп үйрендім. Содан бері үнемі жетілдіріп келемін"- деді ол өзі туралы.

Мектеп басшылығы жас педагогтың идеяларын, қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға деген ұмтылысын қолдайды. Өйткені, мектептегі білім беру жүйесі Абайдың "5-тен 5-ке дейін" оқыту тұжырымдамасына негізделген.

"Біз ұжымымда Вячеслав сияқты креативті мұғалімнің бар болғандығына қуанамыз.
Вячеславтың қазақ тілін қаншалықты жақсы меңгергенін көріп, қолдауға шешім қабылдап, шағын сериал түсірдік.
Көрерменге ұнайды деген үміттеміз.  Оқушыларды ұлттық тәрбие мен дәстүрді құрметтеуді үйретуге тырысамыз.  Абайдың "5-тен 5-ке дейін" тұжырымдамасы баланың 5 жастан бастап біртіндеп білім беру ортасына түсетіндігін білдіреді", - деді Kemel мектебінің директоры Раш Шахеризада

Пікірлер