Президент сайлауы Конституциялық реформаның логикасынан туындайды - Ерлан Қарин

2254
Adyrna.kz Telegram

Ерлан Қарин Президент сайлауы жайындағы ойымен бөлісті. Ол мұны Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

– Мемлекет басшысы өзінің наурыз айындағы Жолдауында жаңа саяси реформалардың пакетін ұсынды. Ол бойынша Конституцияға өзгертулер мен түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер Ата Заңдағы 9 тараудың 8-ін қамтып, 33 бапқа, яғни, Негізгі Заңның үштен бір бөлігіне өзгеріс енді. Соның арқасында жаңа мемлекеттік басқару моделі қалыптасты. Мысалы, Мәжілістің құзыреті кеңейеді. Аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Конституциялық Сот секілді мүлем жаңа құрылым құрылады. Ал жаңа модельді жүзеге асыру үшін биліктің барлық тармақтарын жаңарту қажет. Жаңартудың жолы – сайлау. Сондықтан Президент қыркүйектегі Жолдауында алдағы сайлау жоспарын жария етті. Алдымен Президент сайлауын өткіземіз. Одан соң Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттарды қайта сайлаймыз. Содан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Ал Үкіметке Парламентте басым көпшілікке ие болған партияның ғана емес, өзге де саяси ұйымдардың өкілдері мүше болады. Сондықтан алдағы Президенттік сайлау бұл Конституциялық реформалардан туындаған шешім, – деді Қарин.

 

Пікірлер