Ғалым Орынтай Ошанованың анасы дүниеден өтті

2492
Adyrna.kz Telegram

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ұстазы, ғалым Орынтай Ошанованың анасы Рузия Бәкірқызы дүниеден өтті.

Профессор Орынтай Ошанованың анасы текті әулеттен шыққан, тобықты руының арасында “ел анасы” деп аталып кеткен жан. Бір ғана әулет емес, дүйім жұрт қадірлеп, сыйлаған ана. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында бұл мейірімді, қолы ашық жомарт адамның қолынан дәм татпаған жан жоқтың қасы. Балаларының оқығанын қалап, білім алуына ықпал жасаған. “Ғалым болыңдар!” деген ана тілегі орындалып, бүгінде қызы Орынтай Ошанова Қазақстанның беделді университетінің профессоры болды.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ұжымы ұстаз - ғалым Орынтай Ошановаға анасы Рузия Бәкірқызының қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып, көңіл айтады.

 

Пікірлер