Ресей Киев облысын тағы зымыранмен атқылады

2225
Adyrna.kz Telegram

Киев облысы әскери әкімшілігінің төрағасы Алексей Кулеба 15 қазан күні болған зымыран соққысы жайлы баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресей әскері бағыттаған зымырандар Украинадағы бірнеше облыстың энергетика, байланыс желілеріне нұқсан келтірді.
"Киев облысы. Облыс аймақтарын зымыранмен атқылады. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Барлық қызмет бәз баяғыша жүріп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", - деді төраға өзінің Telegram арнасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер