БҚО-да жаңа мектеп пайдалануға берілді

2363
Adyrna.kz Telegram

Республика күніне орай Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының Щапово ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы 420 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи талапқа сай зәулім мектеп құрылысын СКФ ЖШС “Отделстрой” компаниясы жүргізді.

Білім ұясы қазіргі жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Смарт класс, кең акт залы, спорт залы, асхана, шеберханалары, ауласында бірнеше спорт алаңдары бар.

Мектеп ұжымы оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізумен қатар, “Бауыржантану”, “Цифрлы мұғалім”, “Домбыра party”, “STEAM”, “Эко мектеп”, “Оқуға құштар мектеп”, Дебат “Ақиқат” жобаларымен жұмыстануда. Республикалық Бауыржан Момышұлы атындағы мектептермен желілік байланыстар орнатылған.

Мектептің ашылу салтанатында танымал ақын Мұнайдар Балмолда сөзін жазған мектептің әнұранының тұсауы кесілді.

Пікірлер