Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналады

3005
Adyrna.kz Telegram

5-7 желтоқсан күндері Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Орталық Азия деректі кино Форумы өтеді.

Кино және телевизия саласында маман даярлауда елімізде басты оқу орны саналатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы,  «Кино және ТВ» факультеті биыл өзінің ширек ғасырлық мерекесін атап өтіп жатыр!

Факультет көркем фильм, телевизия, анимациялық, деректі фильм және дыбыс режиссерларын, операторларды әрі арт–менеджерлер мен продюсерларды шығарады. Академияның ұстаздары, шеберхана жетекшілері  – әлі де өндірістен қол үзбеген кәсіби мамандар: өз шәкірттерімен иық тіресе жүріп жұмыстан қалмаған жандар. Біз кино және телевизияға мамандар даярлауда алғашқы болғанымызды мақтан етеміз. Бүгінде Жүргеновті бітірген түлектер республиканың барлық телеканалдары мен студияларында еңбек етуде.

Сонымен қатар, факультеттің қазіргі деканы Г.А.Мурсалимова танымал кинотанушы Бауыржан Нөгербековтің шәкірті.

Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумының өтуіне мұрындық болған сценарист,  режиссер- документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина.  Оған қатысушылар ортаазия аймағының белгілі  документалисттері: КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер  Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы  Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты  Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, сол сияқты әріптестік оқу орындары –  «Туран» және Қазақ ұлттық өнер университетттері - еліміздің ең атақты документалист режиссері Владимир Тюлькин,  Сулеевтер-Райбаевтар кинодинастиясының жалғасы, режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және жемісті режиссер Евгений Лумпов.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер біздің Азия киносының бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.  «Өз тарихыңды барша қырымен әрі соншама жетістігімен ұғыну әрі қабылдау» - Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алынған үзінді шынымен де  документалистер жұмысының девизі болса керек.


Эльмира  Сұлтанбаева,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер

академиясы баспасөз қызметінің жетекшісі

Пікірлер