Қырғыздар мен тәжіктер төбелесіп, шекараға қосымша жасақ жетті

2947
Adyrna.kz Telegram
Жер дауына байланысты қырғыздар мен тәжіктер арасында туған қақтығыстан кейін қырғыз тарапы оқиға орнына ІІМ-нің қосымша жасағын жібереді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

24.kg хабарлауынша, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметінің өкілдері Баткен ауданының Дахма аймағында кездескен.

Қос тарап келіссөз барысында Қырғызстан мен Тәжікстан тұрғындары арасындағы жанжалдың егжей-тегжейін зерттеді.

"Төбелес фактісін ІІМ аумақтық органдары зерттеп жатыр. Бұған қоса, аталған учаскеге ІІМ-нің қосымша жасақтары жіберіледі. Тараптар алдағы уақытта шекараның бірлесіп күзетілетін учаскесіндегі жағдайдың ушығуына жол бермеуге уағдаласты", - деп хабарлады Қырғыз Республикасының шекара қызметі.

Орайы келгенде айта кетейік, Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні түске таман болды. Екі елдің азаматтары өзара сөзге келіп қалған. Әдемсіз сөздерден кейін екі елдің өкілдері бір-біріне тас атқан. Салдарынан тәжікстандық азаматтың басы жарылып, құлағы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер