YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатын авторларды жазалайтын болды

2915
Adyrna.kz Telegram

YouTube ар-намысқа тиіп, пікір жазатындарды жазалайды. Жаңа ереже 14 желтоқсаннан бастап өз күшіне енді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Inbusiness.kz хабарлауынша, Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын платформа жазалауы үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты.

Gizmodo басылымының мәліметінше, егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды, содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отырғандығы нақтыланған.

"Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді", - делінген YouTube мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер