Ақтөбеде жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел табылды

2775
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ақтөбеде жаңа туған сәбиін қорапқа салып, далаға тастап кеткен әйел табылды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram каналында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ол баланы өлі туғандықтан, далаға тастап кеткенін айтқан. Оның кәмелетке толмаған тағы екі баласы бар екені анықталды», – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы Ерболат Сарқұлов.

Еске салайық, 19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтаған.

Пікірлер