Смағұл Сәдуақасов «Семипалатинский подлог и Акмолинский дефект» деп аталатын саяси айыптаулар хақында

3268
Adyrna.kz Telegram

Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 1921-1922 жылдары Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Семей, Қостанай және Бөкей губерниялары бойынша өкілі болып қызмет жасаған кезі, негізінен кеңес өкіметінің Қазақстанда орнаған алғашқы жылдарына сай келеді.

Бұл кезең, жалпы оның өмірінде ерекше орын алады. Себебі, Қазақ елінің мемлекеттігі және жерінің тұтастығы үшін күрескен аса көрнекті саяси тұлғаны сталиндік қудалаудың басы, дәл осы уақыттан басталады. Егерде ашығын айтсақ, бұл зерттеу мақалада 1921 жылы Смағұл Сәдуақасовтың қызметіне қатысты тағылған «Семипалатинский подлог и Акмолинский дефект*» деп аталатын саяси айыптаулардың мән-жайы қарастырылып баяндалады.

1920 жылдың 26 тамызында В.И. Лениннің арнайы Декретке қол қоюымен Ресей Федерациясы құрамында Қазақ АКСР-і құрылды. Келесі кезекте қазақ билігі алдында тез арада Сібір ревкомымен келісе отырып, ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу, өлкелік және губерниялық конференциялар, сьездер өткізу т.с.с. бірқатар маңызды ұйымдық және құрылымдық шараларды атқару жұмыстары күтіп тұрды.

Бұл аса жауапты мемлекеттік істі жүзеге асыру тікелей ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесіне міндеттелді.

Қазақ елі өміріндегі осындай үлкен қоғамдық-саяси өзгеріске байланысты Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов бастаған ұлт зиялылары сол кездегі ел астанасы Орынборға бас біріктіріп жиналған-тын.  Солардың алдыңғы қатарында, енді ғана жасы жиырмаға толған болашақ мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов та бар еді.

1920 жылы қабылданған лениндік Декреттің мазмұнына зер салсақ, Сібір ревкомының құзырына «уақытша пайдалануға беріледі» деген желеумен оған бір ғана Семей губерниясы емес, бүкіл Қазақ өлкесінің солтүстік және батыс облыстарының жерлері де толықтай бағынышты болды.

Сол тұста осы ҚазАКСР-ның ұлттық шекарасы мәселесі бойынша В.И. Лениннің қатысуымен өткен мәжілісте арнайы баяндама жасаған Алаш қайраткері Әлімхан Ермеков өз естелігінде: «Семипалатинский губревком вначале находился в подчинении Сибревкома но последующем в соответствии с постановлением центра по учреждению Кирвоенревкома по управлению Киргизским краем встал вопрос о подчинении и присоединении губернии последнему.

Для разрешения этого неотложного вопроса в начале мая 1920 года я был командирован в Оренбург, который в то время был местом пребывания Кирвоенревкома и временным центром нашей Республики в момент его организации и становления.

В Оренбурге вопрос о присоединении двух областей – Семипалатинской и Акмолинской ведению Кирвоенревкома обсуждался на его заседании с участием всех членов. При обсуждении был поднят вопрос об учреждении и границах будущей автономной республики со включением в ее состав всех областей Киргизского края.

Для проведения всей этой большой работы постановлением Кирвоенревкома я был командирован в Москву с мандатом за №2043 от 18 мая 1920 года «для доклада о положении Киргизского края вообще, по вопросу о границе в особенности...».

24 августа 1920 года на заседании Совета Народных Комиссаров по вопросу о проекте Декрета об Автономной Киргизской ССР присутствовал и я, как один из докладчиков... Докладывал первый вопрос первый заместитель Наркомнаца Каменский.

Проект декрета был в целом быстро прочитан и принят, на заседании Совнаркома РСФСР Декрет был обнародован от 26 августа 1920 года» [1], - дейді.

Сібір ревкомы, 1919 жылдың 27 тамызында Бүкілодақтық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес құрылған әрі төтенше өкілеттіктер берілген РСФСР-дің шығыс аймақтарындағы кеңестік биліктің ең жоғары басқару органы болып саналды. Сол себепті, РСФСР құрамындағы Қазақ автономиялық республикасының басшылығы, тек Сібір ревкомының келісімімен барып қана  түрлі қоғамдық-саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шеше алатын еді.

Сібір ревкомының төрағасы И.Н. Смирнов өзін нағыз қазақ өлкесінің солтүстік және батыс губернияларының қожайыны сияқты сезінді. Бір сөзбен айтқанда, ондағы әкімшілік-территориялық аумақтар, партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резері, жер және салық, пайдалы қазбалар, кен орындары, ауылшаруашылығы нысандары, өндірістік кәсіпорындар т.б. мәселелерді «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстады.

1920 жылдан бастап 1922 жылға дейін тікелей В.И. Лениннің қатысуымен өткен үкімет мәжілістерінде Қазақ автономиясы мен Советтік Сібір арасындағы шекара туралы мәселе бірнеше мәрте қаралды. Алайда, Сібір ревкомы өз қарауындағы Семей және Ақмола губерниялары аумақтарын бірден оп-оңай қайтара салғысы келмеді.

Белгілі тарихшы-ғалымдар Е. Сыдықов, М. Малышева «Сибирь и Казахстан» (Национально-территориальное размежевание Сибири и Казахстана. 1919-1922 гг.) атты кітабында: «...Если казахстанская сторона была за форсирование действий по национально-территориальному размежеванию, то сибирская противопоставила этому свою линию.

Начало такой линии мы усматриваем в последовавшей за формацией руководителей сибирской делегации на Учредительный сьезд КАССР В.Н. Соколова и Е.В. Полюдова о сьезде, пошедшем на поводу амбициозных его организаторов, реакции Сиббюро ЦК РКП(б). На заседании этого партийного органа 19 октября 1920 г., ссылаясь на решение в Москве о Семипалатинской и Омской губерниях «не фиксировать сроки передачи», постановили «как можно дольше оставить» их за Сибревкомом». Тут же отправили об этом ходотайство в ЦК РКП(б)» [2], - деп жазады.

Айтқандай-ақ, Сібір ревкомы әртүрлі себептермен бұл мәселенің орындалуын мейлінше кейінге созып, Қазақ өлкесінің солтүстік және батыс аумақтарынан ешбір айырылғысы келмеді. Сондықтан, Орынбордағы республика басшылығы ендігі іс-әрекет – Ақмола (Омбы) және Семей губернияларының басқару органдарын барынша ұлттық кадрлармен нығайтуға бағытталуы керек деп шешті.

Ол жайында жоғарыда аталған авторлар зерттеу еңбегінде: «Первые шаги в этом направлении были предприняты на заседании Кирбюро РКП(б) 12 января 1921 г. Высший партийный орган рекомендовал КирЦИКу назначить полномочным представителем в Сибревком Галиасхара Алибекова, придав ему в заместители Адилева. Со временем Алибеков должен был стать председателем Акмолинского губисполкома, а пока, попав в Омск, готовить, «согласно достигнутого в Москве соглашения», передачу Акмолинской и Семипалатинской губерний из состава Сибири в КАССР.

Обращает на себя внимание факт, что Кирбюро подчеркивало необходимость согласовывать вопросы с Сиббюро ЦК РКП(б).

Затем Кирбюро РКП(б) решает направить в Сибирь с целевым назначением командировку – подготовка перехода управления Акмолинской и Семипалатинской губерний в ведение органов КАССР нескольких видных коммунистов-казахов – Садвокасова, Адилева, Досова и Омарова. В Сибири же намечается провести пртийное совещание по вопросу передачи губерний. Предусматривается, что доклад о продовольственном положении и восстановлении сельского хозяйства сделает представитель Сибревкома» [3], - дейді.

Қазақ билігінің бұл кезеңде губерниялық басқару органдары құрамын ұлттық кадрлармен нығайтуға күш салуы, міне осындай уақыт талабынан туындаған маңызды мемлекеттік мәселе болатын.

Ал енді Сібір ревкомы болса, өзіне қарасты Қазақ өлкесінің Семей және Ақмола губернияларында жергілікті ұлт өкілдерін партия-кеңес жұмыстарына тарту, партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резервін құру сияқты мәселелерге атүсті салғырт қарады. Мысалы, жергілікті басқару билігі құрылымдарында ұлттық кадрлар мүлде жоқтың қасы еді. Семей губерниялық атқару комитеті өзінің бірінші губерниялық кеңестер сьезіне бар болғаны екі-ақ қазақты депутат етіп сайлады. 1921 жылдың наурызында Семей губаткомы басқармасы бөлімдерінде қызмет ететін он бір нұсқаушының тек біреуі ғана А. Рымбағин  [4] деген қазақ азаматы болды.

1921 жылдың қаңтар айының ортасында Қазпартбюро Президиумы мәжілісінің қаулысымен бекіген Смағұл Сәдуақасов бастаған топ Семейге арнайы жұмыс сапарымен бара алмады. Енді оның себебін сол кезеңдегі Смағұл Сәдуақасовтың қызмет хроникасы арқылы айтып, түсіндірейік. (Ескерту: төменде Смағұл Сәдуақасовтың қызмет хроникасына қатысты деректер ҚР Президенті Архивіндегі 140-қор, 01-тізбе, 80 және 83 істер бойынша баяндалады).

1921 жылдың 30-шы қаңтарында Смағұл Сәдуақасов өлкелік мекемелерде қызмет атқаратын қазақ коммунистерімен өткен Қазпартбюро пленумының кеңейтілген мәжілісіне қатысады. Мұнда негізінен ҚазАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.А. Радусь-Зенковичтің бұрнағы күні Қазпартбюро пленумында жасаған «Партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резервін құру және қазақтарды партия-кеңес құрылысына тарту, қазақтар арасында партия-кеңес жұмыстарын насихаттау тезистері туралы» баяндамасын (В.И. Лениннің 1920 жылдың 26 шілдесінде Коминтерннің II Конгресінде жасаған ұлт мәселелері жөніндегі баяндамасы негізінде жасалған тезистер болуы мүмкін – автор) талқылау жалғасады. Нәтижесінде, партия жұмыстары үшін өлкелік мекемелерден қазақтарды мүмкіндігінше бөлу, партия-кеңес курстары мен мектептерін ашу, барлық уездік және аудандық комитеттер қазақтардың кедей бөлігінен жастарды партия-кеңес жұмыстарына жұмылдыру тәрізді тағы басқадай мәселелер бойынша қаулы қабылданады.

Ал енді 10 ақпанда Қазпартбюро Президиумының қаулысына сәйкес Смағұл Сәдуақасов Қазпартбюро мүшесі болып бекітілсе, 13 ақпандағы Қазақ өлкелік партия пленумының мәжілісінде алдағы наурыз айында Мәскеуде өтетін РКП(б)-ның X сьезінде жасалатын В.А. Радусь-Зенкович пен Г.И. Сафаровтың ұлт мәселелері туралы тезистерін талқылауға қатысады.

24 ақпанда Смағұл Сәдуақасов Қазпартбюро Президиумының қаулысы бойынша наурыздың 1-нде Мәскеуде өтетін РКП(б) Орталық бюросы жанындағы мәжіліске қатысуға Қасболатов, Авдеев, Мырзағалиевтармен бірге іссапарға жіберіледі. Бір атап айтатыны, осы қаулыда Сәдуақасов пен Авдеевке РКП(б)-ның X сьезінде кеңесші дауыс (совещательный голос) беру құқы берілген.

Әдетте, Смағұл Сәдуақасов әрдайым осындай маңызды партия-кеңес жұмыстарымен әртүрлі іссапарларға кеткен уақытта, оның «Еңбекші қазақ» газетіндегі редакторлық міндетін көрнекті жазушы, публицист Жүсіпбек Аймауытов атқарып отырған.

Смағұл Сәдуақасов Мәскеудегі РКП(б) Орталық бюросы жанындағы мәжіліске барып қатысқан күндері, сондағы өтіп жатқан Шығыс халықтары комсомол жастары кеңесінде баяндама жасайды. Бұл өзі кеңестер елі астанасында большевиктер партиясының кезекті X сьезі, енді ғана басталған уақыт болатын.

1921 жылдың 8-16 наурыз күндері аралығында Мәскеуде өткен РКП(б) -ның X сьезіне 732 мың 521 партия мүшесі атынан 717 делегат шешуші және кеңесші дауыс беру құқысымен қатысады. Өз кезегінде Смағұл Сәдуақасов та осындай кеңесші дауыс берген сьез делегаты болды.

Сьезде екі үлкен маңызды мәселе бойынша, оның біріншісі – соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа ауысу жайлы,  ал соңғысы партияішілік фракциялық топтардың қызметіне тыйым салатын «Партия бірлігі» туралы қаулы-қарарлар қабылданды.

Қысқасы, кеңестер елінде оппозицияны ауыздықтаған Пролетариат диктатурасына емін-еркін жол берілді. В.И. Ленин өзінің «Всем оппозициям теперь конец, крышка!» деген әйгілі сөзін осы сьезде айтқан еді.

Сьез күндері И.В. Сталиннен кейін, ұлт мәселелері жөнінде партияның кезекті міндеттері туралы РКП(б) ОК Түрістан бюросының мүшесі Г.И. Сафаров қосымша баяндама жасады. Онда ол Қазақ өлкесінде қалыптасқан қиын әлеуметтік-экономикалық ахуалды баяндап, жергілікті биліктің әрекетсіздігін [5] өткір сынға алды.

Егерде ақиқатына келсек, бұл сьезге дейін-ақ, бұдан бір жыл бұрын, 1920 жылдың 17 мамырында ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы В.И. Ленинге жолдаған хатында Кеңестік Қазақстан билігі мен Далалық өлкедегі өте ауыр жағдай туралы [6] ашына жазған еді.        Сонымен қатар, ол аталмыш хатында жаңадан құрылған Қазақ автономиялық республикасының ұлттық-территориялық шектері туралы «управление хозяйственно-экономическими учреждениями Киркрая, независимо от централизации или децентрализации, должно находиться в руках киргизов, без всякого раздробления и подчинения другим губерниям или областям под разными предлогами экономического тяготения», «в отношении границы Киркрая не должно допускаться никаких изменений» [7], - деп қатаң ескерткен болатын.

Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың осы хатындағы Қазревком қызметін сынауы және кеңестік билікті қазақ интеллигенциясына сенімсіздік көрсетіп отыр деуі, бұл енді, сол кезеңдегі өмірдің ащы шындығы еді. Мұны Ленин жақсы білді, бірақ та ауруы асқынып, денсаулығы нашарлаған ол партия құрамын тазалауға тым дәрменсіз-тін.

Ағылшын зерттеушісі Роберт Конквест «Большой террор» атты кітабында: «Еще до болезни, обращаясь к делегатам X сьезда партии в марте 1921 года, он указывал на «брожение и недовольство среди беспартийных рабочих», а год спустя, на XI партконференции, понимая, что политическая власть неизбежно привлекает карьеристов, и чувствуя потребность обьяснить низкие моральные качества многих членов партии, требовал строгого определения условий приема в партию, боясь, что в нее «пролезет опять масса швали». Ленин не уставал повторять, что в Советском государстве «бюрократическая язва есть», что «мы переняли от царской России самое плохое, бюрократизм и обломовщину, от чего буквально задыхаемся, а умного перенять не сумели» [8], - дейді.

Лениннің партиялық кадрлар мәселесі жөніндегі айтқан бұл сын-ескертпелерін сол уақыттағы Қазақ автономиялық республикасының басшылық органдары қызметінен айқын аңғаруға болатын еді. Мысалы, саяси білікті әрі қоғамдық жұмыс тәжірибесі бар Алаш зиялылары әдейі партия-кеңес жұмыстарынан шеттетіліп, қудаланып отырды. Сонымен қатар тұрғылықты халық жергілікті басқару органдарына тартылмады, жастар мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеді.

Смағұл Сәдуақасов өзі делегат болып қатысқан РКП(б)-ның X сьезінде қабылданған Жаңа экономикалық саясаттың, атап айтсақ, бұл партиялық шешімнің әзірше Азамат соғысы зардабынан айығып, экономикалық жағдайы оңалып кетпеген, ең бастысы бай-кулактар иелігіндегі құнарлы жерлерге әлі қолы еркін жете қоймаған және көршілес автономиялық республикалармен ұлттық шекарасын айқындап бекітіп үлгермеген, саяси тәжірибелі кадрлары жеткіліксіз ҚазАКСР-ы үшін аса оңайға соқпайтынын жақсы түсінді. Қараңыз, ол мұны «Орта Азияның өміріндегі жаңа дәуір» - «Новая эпоха в жизни Средней Азии» (журнал альманах «Литературная Азия», 1925 год) атты қазақша-орысша жазған мақалаларында толықтай дәлелдеп айтады.

Міне, осы «Жаңа экономикалық саясаттың» кесірінен Қазақ өлкесінің солтүстік және батыс облыстары жерін басыбайлы иеленіп отырған Сібір автономиялық республикасымен арадағы ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу мәселесі, тура бес жылға жуық уақытқа созылып кетті. Сондай-ақ, көршілес Орта Азия республикалары басшылығымен болған «жер мәселесі дауы» да бірден тез шешіле қалмады...

Ұстазы Ахмет Байтұрсынов әйгілі Ленинге жазған хатында «Национальный гнет не может не вызвать национальных чувств» - деп айтқандай, Смағұл Сәдуақасов өзінің Қазақ билігіндегі жоғары қызмет лауазымы мен қолындағы өткір қаламын мейлінше батыл әрі шебер пайдалана отырып, патшалық Ресейдің отаршылдық саясатынан қалған «ұлы орыс ұлтшылдығымен» ешқандай ымырасыз, аяусыз күресті.

Оған оның республикалық партия-кеңес сьездері мен конференцияларында жасаған баяндамалары, сондай-ақ Мәскеудегі партиялық басылымда жарияланған «О национальностях и националах» (журнал «Большевик», №1, 1928 год) және т.б. публицистикалық еңбектеріндегі саяси көзқарастары мен азаматтық ұстанымдары айқын дәлел болады. Бірақ, бұл енді бөлек әңгіме.

 

«Семипалатинский подлог» атты саяси айыптау қалай тағылған еді?

 

Семейге арнайы іссапармен Смағұл Сәдуақасов, тек 1921 жылдың мамыр айының ортасында ғана бара алды. Ол мұнда келісімен Сібір автономиялық республикасымен ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу және жергілікті халықты басқару органдарына жұмысқа тарту, қазақ жастары арасында оқу-ағарту, саяси білім беру курстарын ашу тәрізді тағы басқадай көптеген іс-шаралардың мүлде нашар атқарылып жатқанын көріп танысады.

Смағұл Сәдуақасов, осыдан соң, Қазақ билігіне өзінің әйгілі «губерниялық атқару комитеті орнына революциялық комитет құру және оның құрамына төраға етіп Омаровты, орынбасарына Левитинді, мүшелігіне Нұрмақов, Мұстамбаев, Әуезов, Большаков, Фабрикантты тағайындау, сондай-ақ губерниялық Кеңестер сьезін өткізуді кейінге белгісіз мерзімге қалдыру туралы» жеделхатын жолдайды.

Өз кезегінде оған Семей губерниялық партия комитетінің хатшысы Полозов пен Левитин де құр босқа қарап қалмайды. Олар да Орынборға өз қарсылықтарын білдірген «роспуск исполкома и назначение ревкома, как нецелесообразный и политический вредный акт» деген мәтіндегі жеделхатын жібереді. Аталмыш жеделхаттағы осы айыптаулар – алдағы уақытта Смағұл Сәдуақасовтың Семейдегі қызметі жайлы жергілікті ГПУ органдарының «Семипалатинский подлог» деген саяси айыптауына бірден-бір негіз болды (Ожегов сөздігінде «подлог» сөзі «өтірік, жалған» деген мағыналарды білдіреді).

1921 жылдың 27 мамырында Қазпартбюро және ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумдарының бірлескен мәжілісінде осы екі жеделхатта жазылған мәселелер мұқият қаралып, тыңдалады.

Мәжіліс соңында алты тармақтан тұратын, атап айтқанда:

«а) Признать политическое положение Семипалатинской губернии требующим создания ревкома;

б) Признать действия Садвокасова, выразившиеся в роспуске Губисполкома и назначении ревкома, без полномочий Обкома, нетактичным и поставить ему это на вид;

в) Семипалатинский ревком утвердить в следующем составе: Садвокасов (председатель) и члены: Левитин, Полозов, Нурмаков, Ауэзов, Глинский и Большаков;

г) Предложить Семипалатинскому губкому установить теснейшую связь с местным казахским населением и привлекать казахских работников на партийную и советскую работу;

д) Назначить губернский сьезд Советов на 1-е августа.

е) Отозвать из Семипалатинска тов. Пиндрик и Матвеева» [9], - деген қаулы қабылданады.

Әрине, республикалық деңгейдегі Смағұл Сәдуақасов сынды көрнекті саяси басшыны губерниялық шенеуніктердің «роспуск исполкома и назначение ревкома, как нецелесообразный и политический вредный акт» деп бұлайша ашықтан-ашық айыптауы негізінен Мәскеудегі билікпен ауыз жаласқан Сібір ревкомының тікелей ықпалы және соған мүдделі Қазпартбюро құрамындағы кейбір адамдардың, тіпті ұйымдасқан топтын қолдауымен жүзеге асқан «жалған жала» еді.

 

Семей губревкомын құру не үшін қажет болды?

 

Алдымен, осы Семей губревкомын құру туралы шешімге дейінгі жергілікті жерде қалыптасқан саяси жағдайға қысқаша анықтама беріп өтейік.

Естеріңізде болар, 1921 жылдың 21 қаңтарында өткен Қазпартбюро Президиумының кезекті мәжілісінде Смағұл Сәдуақасов және Әділев, Досов, Омаров үшеуінің  алдына  Семей губерниясын басқаруға алуға дайындауға байланысты Сібір ревкомымен арадағы әкімшілік ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу, партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резервін жасау, жергілікті ұлт өкілдерін партия-кеңес жұмыстарына тарту, кезекті губерниялық Кеңестер сьезін өткізуді дайындау тәрізді тағы басқадай бірқатар маңызды шараларды атқару міндеттері қойылған еді.

Бірақ та, ол кезеңде Кеңестер одағының астанасы Мәскеуде, сондай-ақ Сібір мен Қазақ өлкесінде өтіп жатқан үлкенді-кішілі партиялық-кеңестік жиындардан басқа, ел ішінде ашаршылық нәубетінің өршіп, қоныс аударушы босқындар санының күрт өсуі, жаңа экономикалық саясаттың салдарынан барып туындаған азық-түлік салғыртына наразылық білдірген шаруалар көтерілісінің жиілеп кетуі, имериалистік күштерге арқа сүйеген ақ гвардияшылардың емін-еркін бас көтерулері тәрізді тағы басқадай саяси оқиғалар бұл партиялық тапсырманы уақтылы атқаруға көп мүмкіндік бермеді.

Осы орайда Семей губерниясының партия-кеңес жұмыстарындағы ұлттық кадрларды дайындауға қатысты орын алған мындай кемшіліктерді де атап айта кетуіміз керек секілді. Мысалы, 1921 жылдың 15 сәуіріндегі Семей губерниялық партия комитетінің қазақ-татар ұлттары секциясының жұмысы туралы есебінде: «Киргизско-татарская секция существует с начала 1920 года. Она носила тогда название «Секция тюркских народов». Секцией руководил т. Шарафутдинов, прикомандированный Сибревкомом и Сиббюро...

С апреля месяц началась выборная кампания в губерний, поэтому все партийные работники были командированы по уездам и работа секции почти остановилась.

В настоящее время при секции работает только 4 товарища:

  1. Нурмаков Нигмет – заведующий киртатсекцией;
  2. Сатаров Хайратдин – заведующий киртатсекцией;
  3. Мусин Гариф – член президиума киртатсекцией;
  4. Токжигитов Шаймардан – секретарь подотдела и секции.

Инструкторов-агитаторов не имеем. Остальные товарищи коммунисты из киргиз и татар работают в Советских учреждениях, где они занимают ответственные должности.

В секции зарегистрировано всего 35 членов и кандидатов в члены партии (в городе).

Что же касается работы в уездах, то там работа хромает тоже из-за недостатка работников. Связи с киртатсекциями было мало. Только в последнее время устанавливается нормальная связь.

По имеющимся сведениям в уездах Семипалатинской губерний насчитывается приблизительно 400 коммунистов и кандидатов киргиз и татар. Ячейки, организованные в аулах, вследствие отсутствия инструкций и контроля, большей частью распадаются или попадают под вляние баев.

По сведениям, исходящим из достоверных источников, в Каркаралах: почти все коммунисты киргизы и татары перебиты черными бандитами, что является, конечно, громадным ударом для партийной и советской работы в этом уезде.

Заканчивая настоящий доклад, киртатсекция находит нужным отметить следующие препятствия и ненормальности в партийной работе:

1) отсутствие работников из киргиз и татар;

2) отсутствие литературы на киргизском языке» [10], - деген деректер берілген.

Сонымен қатар, Қазақ өлкесінің солтүстік және батыс губернияларының басқару органдары алдында ұлттық кадрларды дайындау, әкімшілік-территориялық шектерді айқындап белгілеу сынды күрделі мәселелерден басқа тағы бір үлкен мәселе күтіп тұрды. Ол негізінен 1921 жылдың 19 сәуірінде ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің Президиумы  қабылдаған Сібір және Орал казактары әскерлерінің иелігіне патша үкіметі жекеменшікке берген жерлерді қазақтарға қайтару туралы Декретте көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру еді.

Мұндай мелекеттік маңызды шараны жүргізу үшін жергілікті жерлерде жеделдетіп ұлттық кадрларды даярлап, пайдалану қажет болды. Міне, осындай мақсатта алғаш 1921 жылы Жетісу өлкесінде «Қосшы», ал одан кейінде басқа өңірлерде «Қызыл отау» деп аталатын жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, белсенді түрде жұмыс жасай бастады.

1921 жылдың 16 мамырында Смағұл Сәдуақасов кезекті іссапармен Семей губерниялық партия конференциясына [11]  қатысуға келеді. Мұнда ол жергілікті жерде қалыптасқан ұлттық кадрларды дайындау және оларды мүмкіндігінше көбірек партия-кеңес жұмыстарына тарту, ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу жөніндегі коммисиялар жұмысын үйлестіріп жүргізу тәрізді т.с.с. аса күрделі мәселелерге қатысты саяси жағдайды көріп, ең алдымен қолында төтенше өкілеттігі бар Семей губерниялық ревкомын құру керек деп шешеді.

Ақыр соңында, жоғарыда айтқанымыздай, 1921 жылдың 27 мамырында Қазпартбюро және ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумдарының бірлескен мәжілісінің қаулысымен Семей губревкомы құрылып, оның құрамында төраға Смағұл Сәдуақасов және мүшелері Левитин, Полозов, Нұрмақов, Әуезов, Глинский, Большаков қызметке кіріседі. Бір ескеретін жай, Семей губревкомының құрамы Смағұл Сәдуақасов ұсынған жеделхаттағы алғашқы нұсқада емес, басқаша құрамда өзгертіліп бекітілді.

Өкінішке қарай, осы Смағұл Сәдуақасов басқарған Семей губревкомының қызметі туралы ресми құжаттарды не Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты, не Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттары қорларынан іздестіріп таппадық.

2013 жылы Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихының құжаттама орталығы (орысша атауы ВКО ЦДНИ) шығарған «Гражданская война в Восточном Казахстане, 1917-1922 г.г. Сборник документов» деп аталатын кітапта тек қана Семгубревкомының төрағасы Смағұл Сәдуақасовтың қызметіне қатысты «Из протокола заседания губревкома – об издании воззвания к желающим вернуться на родину киргизам от 12 июля 1921 г.», «Из протокола заседания Киробкома РКП(б) о неправильных действиях уполномоченного КЦИКа С. Садвокасова от 9 августа 1921 г.» және «Из протокола заседания 2-й Семипалатинской губпартконференций – о национальном вопросе от 21 июня 1921 г.» деп аталатын, небәрі үш-ақ құжат бар болып шықты.

Соның ішінде «Из протокола заседания губревкома – об издании воззвания к желающим вернуться на родину киргизам, от 12 июля 1921 года» [12] деп аталатын құжат қана тікелей Семгубревкомының қызметі туралы біраз мағұлматтар береді. Бұл құжаттың мәтіні төмендегідей:

«Из протокола заседания губревкома – об издании воззвания к желающим вернуться на родину киргизам

12 июля 1921 г.

Присутствуют:

Тт. Садвокасов, Большаков, Литвинов, Полозов, Нурмаков, Овчаренко, Синицын, Начгар.

Председатель – Садвокасов.

Секретарь – Ставровская.

  1. Слушали: Сообщение Зайсана о том, что перекочевавшие за границу киргизы, выражают желание возвратиться обратно.

Постановили: Издать воззвание от имени губревкома к желающим вернуться на родину киргизам, гарантировать их личную и имущественную неприкосновенность, а также издать соответствующий приказ учреждения по порядке приема и устройства возвративщихся.

Предгубревкома  Садвокасов

Члены  Большаков, Левитин,

Полозов, Нурмаков

Секретарь  Ставровская».

 

Мұның өзі кеңес өкіметі кезінде «Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметіне қатысты партия-кеңестік құжаттар мақсатты түрде жойылып отырмады ма?» деген ойға жетелейді. Сонымен қатар, ол – Смағұл Сәдуақасовтың өмірінде орын алған «ақтаңдақтардың» құпиясын толықтай ашу керектігін, жалпы оның қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыда тыңғылықты зерттеудің қажеттігін меңзейді.

 

Саяси айыптаулар және оған қарсылық

         Смағұл Сәдуақасовқа қарсы бағытталған ұйымдасқан топтың шабуылы ешбір толастамады. 1921 жылдың мамыр айының ортасында Орынбордан арнайы партиялық тапсырмамен Семей губерниясын әкімшілік-территориялық басқаруға алуға дайындық  жұмыстарын ұйымдастыруға келген ол көпұзамай еріксіз кері қайтуға мәжбүр болады. Бұған негізінен оны кейбір жергілікті партия-кеңес органдарының «ұлтшыл және ұлт араздығын тудырды» деген негізсіз айыптаулары және әлдекімдердің ұдайы жоғарыдағы партия-кеңес органдарына арыздар жазып, жұмысына кедергілер келтіруі себеп болды.

Сондай айыптау құжатының бірін төменде оқырмандар назарына ұсынамыз. Онда:

«Из протокола заседания Киробкома РКП(б) о неправильных действиях уполномоченного КЦИКа С. Садвокасова

г. Оренбург                                                                             9 августа 1921 г.

 

Присутствовали: члены обкома тт. Костеловская, Струппе, Мурзагалиев, Петров, предглавполитпросвета т. Кенжин, секретарь КЦИКа т. Досов, заведывающий агитотделом т. Шлейфер, заведывающий Киргосиздатом т. Сперанский, члены президиума Семипалатинского губкома РКП т. Фофанов.

Слушали: Доклад члена Президиума Семипалатинского РКП т. Фофанова о неправильных действиях уполномоченного КЦИКа т. Садвокасова, выразившихся в

  1. роспуске без всякого основания губисполкома и уисполкома;
  2. бездеятельности как в области советской, так и партработы, следствием чего явились разобщенность в работах отделов и отсуутствие контакта между губкомом и губисполкомом;
  3. в политике натравливания кирнаселения на русских коммунистов, которых т. Садвокасов выставлял, как виновников тяжелого положения кирнаселения;
  4. в националистической политике, выразившейся в оправдании всех действий киргиз и обвинении русских работников совучреждений;
  5. в посылке ложной информации в КЦИК с целью поставить КЦИК перед заменой губревкомом губисполкома как свершившимся фактом.

В заключение т. Фофанов докладывает мнение губкома по отношению к т. Садвокасову, по которому он должен быть исключен из партии, предан суду за должностное преступление.

Постановили: Обсуждение вопроса отложить до приезда Садвокасова и до большого состава президиума.

Секретарь обкома М. Костеловская

Управделами Киробкома РКП(б) (подпись неразборчива) [13]».

Турасын айтсақ, Семей губкомының жай ғана қатардағы қызметкері емес, үлкен бір белді Президиум мүшесі Фофанов деген кім еді?

Шын мәнінде, ол «күмәнді тұлға» болатын. Оны төменде Семей губерниялық партия комитетіне партия мүшесі Фофановты өрескел мінез-қылығы үшін айыптаған Өскемен партия ұйымы мүшелерінің арызынан білеміз. Бұл партиялық құжатта:

«Докладная записка членов Устькаменогорской организации РКП(б) Смирнова и Ямпольского в Семипалатинский губернский комитет РКП(б) – Об антипартинйной линии поведения члена партии Фофанова от 14 апреля 1921 года

С января месяца сего 1921 года в Устькаменогорске начались некоторые явления, позорище Советскую власть, как-то: вечера с обильным угощением, танцами, музыкой в моботделе, упродкоме, узеконоте и другие явления.

Масса всевозможных заявлений протестов подавалась в уком и политбюро, но ни малейшего видимого действия к прекращению этих явлений не было.

На собрании РКП(б) 21 марта все эти протесты вылились в острую форму и, несмотря на то, что запрещали говарить об этом, называя демогогией, после доклада тов. Задорина о впечетлениях, вынесенных им при поездке по уезду, собрание единогласно просило на первом будущем общем собрании сделать доклад о мерах, принятых к пересечению позорных явлений.

На собрании 28 марта выяснилось, что устройство вечеринок с обильным угощением, танцами, взятничество и пьянство, чрезмерное увеличение ответственных пайков действительно имели место и остались безнаказанными, причем, по вопросу о пьянстве известного контрреволюционера Зыкова, тов. Фофанов, крича и топая ногами, энергично защищал Зыкова, называя его товарищем.

На собрании 4 апреля на повестке дня:

1) Доклад по текущему моменту;

2) Об исключении из партии т. Благовещенского;

3) Тоже тов. Гутова, известных всем честных коммунистов.

После доклада о причинах исключения тов. Благовещенского большинство ораторов находят слишком жестокой мерой наказания т. Благовещенского в сравнении с виновностью других, высказались против исключения и голосование потвердило это, после чего Фофанов, топая ногами, грозя кулаком, с грозными окриками, обозвал собрание не коммунистами, а эссеровщиной, в заключение собственной властью обьявил:

1) собрание закрытым;

2) партию распущенной;

3) всех членов – беспартийными.

Все это на собрание произвело очень сильное, удручающее впечатление. После чего т. Гутов, для скорейшего восстановления организации, предложил сейчас же избрать тройку. Тов. Лакомов (заместитель начальника особого отряда) предложил всем без исключения явиться завтра на всеобуч, но по распоряжению тов. Фофанова, электричество было потушено, всем предложено немедленно покинуть зал.

Все разошлись по домам, и сейчас же, на квартирах, произведены были аресты тов. Смирнова, Гутова, Ямпольского.

По частным сведениям, предпологался арест большого количества, но почему-то не состоялся. Собранный на другой день отряд, был разогнан тов. Фофановым. Собрания ячеек также разгонялись. Нам было предявлено обвинение в контрреволюционной агитации, на что мы ответили только, что это ложь.

Подписи: Смирнов, Ямпольский» [14], - деп жазылған.

Енді қараңыз, осы өзінше «адал әрі таза коммунист» Фофанов сол уақыттағы ең жоғарғы өлкелік партиялық басқару органы – Киробкомның Президиумы мәжілісінде ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің өкілетті өкілі әрі Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі Смағұл Сәдуақасовтың үстінен «ұлтшыл және ұлт араздықты тудырды», «партия атына кір келтірді», «қызмет бабын асыра пайдаланды», «партия органдарының беделін түсірді»,  «ісі сотқа берілсін» «партиядан шығару керек» деген ауыр айыптаулар мен үкімдер айтып, баяндама жасады.

Алайда, оның Смағұл Сәдуақасовқа осыншама кінә артатындай моральдық-этикалық тұрғыда ешқандай да құқы жоқ еді. Семей губкомы президиумының мүшесі Фофановтың мұндай партияға жат, керағар қылықтары туралы Казпартбюро мүшелері естімеді емес, естіді. Бірақ,  «Қарғаның көзін қарға шұқымайды» дегеннің кебі болды.

1921 жылдың 4 қыркүйегінде Орынборда Екінші Бүкілқазақ кеңестері сьезіне қатысушы қазақ коммунистері делегаттарының Кеңесі болып өтті. Оған Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Торғай, Ырғыз, Ақтөбе өңірінен және Бөкей губерниясынан, жалпы саны 51 делегат келіп қатысты.

Сьезде қазақ коммунистері делегаттарының Кеңесі жұмысын Мұхтар Әуезов басқарып, жүргізіп отырды. Орайы келгенде айта кету керек, бұл кезде Мұхтар Омарханұлы Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқаратын. Аталмыш Кеңесте негізінен екі мәселе қаралды. Оның біріншісі қазақтардың кеңес өкіметі органдарымен қарым-қатынасын қалыптастыру жұмыстарын күшейту туралы болса, екінші мәселе бойынша Смағұл Сәдуақасовтың өтініші қаралып, тыңдалды.

Екінші Бүкілқазақ кеңестері сьезі делегаттарының жиыны соңында Смағұл Сәдуақасовтың өтініші туралы төмендегідей мазұнда арнайы қаулы қабылданды. Онда:

«Постановление

Совещание заслушав краткое заявление т. Садвакасова находит, что его действия в Семипалатинской губерний выразившиеся в роспуске губисполкома и назначении губревкома при разгулявшем колонизаторстве считать совершенно правильными. Дальнейшую политику т. Садвакасова в Семипалатинской губерний, выразившуюся в привлечении к работе туземных работников и отстранении колонизаторов, считать также правильной, а потому просить обком и контркомиссии пересмотреть вопрос о реабилитации т. Садвакасова во время сьезда, контрольной комиссии пересмотреть ранее принятое о тов. Садвакасове решения. Также просить обком в контрольную комиссию получить необходимые сведения о деятельности т. Садвакасова от делегации Семипалатинской и Акмолинской губерний.

Председатель – подпись

Секретарь – подпись» [15], - деп айтылады.

Өкінішке орай, Фофанов секілді жергілікті ұлт зиялыларына теріс көзқарастағы партия мүшелері Қазақ өлкесінің жоғары партия-кеңестік басқару органдарында аз болмады. Соның бірі – Сибревком арнайы Семей губерниялық партия комитетінің қазақ-татар бөлімін басқаруға жіберген Самат Шарафутдинов деген азамат болды.

Ол туралы жоғарыда аталған Е. Сыдықов пен М. Малышеваның «Сибирь и Казахстан» кітабында: «Заслуживает внимания оценка положения в Семипалатинском губревкоме в начале 1920 г. поехавшего «налаживать работу» заведующего татаро-киргизским отделом Сибревкома Самата Шарафутдинова: «Я прибыл в Семипалатинск 28 января с.г. До моего прибытия при Отделе управления Губревкома была уже организована Секция тюркских народов. Во главе секции стоит некто Ауэзов Мухтар. Членами Губревкома из киргиз были от интеллигенции Ермеков Алимхан и от рабочих Туленев. Так как эти три лица являются главными воратилами от киргиз, то я считаю необходимым сказать несколько слов про них: Ермеков после знаменитого Букейханова является одним из влиятельнейших предводителей партии Алаш-Орда, партии действительно боровшейся с оружием в руках против Советской власти. Ауэзов (семинарист последнего класса), всецело преданный Ермекову, - юный коммунист. Вместе с тем, находясь целиком под влянием Ермекова, действует во всем по его указанию. Об этом свидетельствуют все его дела. Туленев из рабочих, умеющий только лишь немного читать и писать, но нисколько не способный по своему характеру и общему развитию к активной работе. После моего приезда Секция тюркских народов при Отделе управления Губревкома была преобразована в Подотдел, расширен круг его деятельности и увеличен штат». Обвинив казахских работников в национализме, идентичном национализму служащих у Колчака его соплеменников-татар Б. Ахтямова и др., С. Шарафутдинов представил Сибревкому вывод: «Нужно быть осторожным в назначениях членов ревкомов из националистически настроенных интеллигентов-мусульман, особенно киргиз. Личности как Ермеков (член Семипалатинского Губревкома) и Барлыбаева (член Павлодарского уревкома) тормозят и много мешают вести революционную работу среди киргиз и вообще мусульманского населения Сибири» [16], - деп жазады.

1921 жылдың 23-28 желтоқсан күндері аралығында Мәскеуде өткен IX Бүкілресейлік кеңестер сьезінде Смағұл Сәдуақасов «О положении дел на местах в Кирреспублике» деп аталатын аты шулы баяндамасын жасады. Мұнда ол В.И. Ленин қатысқан Бүкілресейлік кеңестер сьезінің делегаттары алдында жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде Сібір ревкомы тарапынан көрсетіліп отырған саяси-экономикалық қысымшылықтар туралы айтып, жоғары партия-кеңес органдарындағы кейбір шенеуніктердің өрескел әрекеттерін өткір сынға алды. Ол өз баяндамасында Сібір ревкомының жымысқы саясатын осылайша әшкере етіп, аяусыз соққы берді.

1922 жылдың ақпан айында Смағұл Сәдуақасовқа Түркістан Орталық Атқару Комитеті жанындағы ҚазАКСР-ның өкілетті өкілі болып тағайындалуына байланысты уақытша Орынбордан кетуіне тура келді.

Бұл өзі Кеңестер Одағында еркін ойлы азаматтарды жаппай қудалаудың жаңа саяси құралы – ОГПУ-дің құрылып, белсенді түрде қолданыла бастаған уақыт болатын-ды.

Көп ұзамай-ақ сталиндік қуғын-сүргін Қазақ өлкесінде де келіп жетіп, өзінің шынайы сұрқия жүзін көрсетті. 1922 жылдың 23 қыркүйегінде Орынбордағы Қазақ автономиялық республикасының жоғары партиялық билігіне жергілікті ГПУ органдарынан «О групповой и персональной характеристике, сущности и деятельности Алаш-Орды и националистов киргиз, а также и вообще кирработников» [17] - деген құпия ақпар келіп түседі.

Мұнда негізінен Қазақстанда «партия атын жамылып» астыртын әрекет ететін бұрынғы Алашорда үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейхан мен Аспандияр Кенжин, сонымен қатар кеңес өкіметін жақтаушы Сейітқали Мендештің топтары бары және бұл топтағылардың әрқайсысына жеке-жеке мінездеме беріліп, олардың ұстанған саясаты, көзқарасы т.с.с. жайлар жан-жақты жазылып көрсетіледі.

Міне, осы жергілікті ГПУ органдарының баяндауында Аспандияр Кенжин тобының құрамына енгізілген Смағұл Сәдуақасов туралы «Садвокасов [Смагул]. Известен своим Семипалатинским подлогом и Акмолинским дефектом, умышленно созданным, дабы разжечь национальную вражду между киргизскими и русскими коммунистами. Активный деятель Алаш-Орды, ученик Букейханова»,  - дейтін ауыр саяси айыптар тағылған.

Ол уақытта «Ұлтшыл және ұлт араздығын тудырды» деп айыпталған адамдар негізінен РСФСР Қылымыстық Кодексінің 58-ші бабының арнайы тармақтары бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатын немесе өлім жазасына кесілетін болған.

Ақиқатты жалған деген кеңестік замандағы жиырмасыншы жылдардың соңы, отызыншы жылдардың басында Алаш қайраткерлерінің алғашқы тобы, атап айтқанда, күні кеше Смағұл Сәдуақасовпен бірге сыйлас дос, қызметтес болған Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов, Дінмұхамет Әділев және т.б. «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп айыпталып, «халық жаулары» ретінде атыла бастады. Бұл жолы, періштесі қақты ма, кім білсін, әйтеуір жасы енді ғана жиырмадан асқан Смағұл Сәдуақасов тура келген ажалдан аман қалған болатын. Алайда, оның өмірбаянына осы «Семипалатинский подлог и Акмолинский дефект» деген екі бірдей ауыр айыптау «қара таңба» болып  жазылып қалған еді.

Айтпақшы, сол 1922 жылдың күзінде Алаш қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов және Тұрағұл Абайұлы тұтқынға алынып, Семей түрмесіне қамалады. Мысалы, Қазақ өлкелік партия комитетінің хатшысы Коростылев 1922 жылдың 9 желтоқсанында Сталинге жіберген құпия жеделхатында тұтқынға алынған Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовтың  Орынборға жеткізілгені, сондай-ақ Жақып Ақбаевтың Семей түрмесінде екені туралы [18] хабарлайды.  Ал енді жергілікті ГПУ органының мәліметінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 7 желтоқсанда Мәскеу қаласына – Сталинге жіберілгені [19] жайында жазылады.

Смағұл Сәдуақасовтың кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қызметі туралы осы мәселені зерттеу барысында оның Ақмола губерниясы бойынша атқарған жұмыстары жайында, яғни «Акмолинский дефект» деген айыптауға қатысты мұрағат құжаттарын іздестіріп таппадық.

Бәлкім, бұл мұрағат құжаттары 1920-1921 жылдары Сібір ревкомы солтүстіктегі қазақ жерлері есебінен жаңадан Омбы губерниясының құруына байланысты сонда қалмады ма екен?..

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Алимхан Ермеков. Встреча с В.И. Лениным в 1920 г. Движение Алаш. Апрель 1920-1928 гг. Т. 3. Кн. 1. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. Стр. 150-155.
  2. Сыдыков Е., Малышева М.П. «Сибирь и Казахстан» (Национально-территориальное размежевание Сибири и Казахстана. 1919-1922 гг.). – Семей, 2010. Стр. 184.
  3. Сонда, 196-бет.
  4. Сонда, 195-бет.
  5. Очередные задачи партии в национальном вопросе (докладчик И.В. Сталин; содокладчик Г.И. Сафаров). Протоколы X сьезда РКП(б). – Москва: «Партийное издательство», 1933. Стр.-197.
  6. Письмо А. Байтурсынова В.И. Ленину о преодолении недоверия советской власти к казахской интеллигенций. Движение Алаш. Апрель 1920-1928 гг. Т. 3. Кн. 1. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. Стр. 59-60.
  7. Сонда, 63-бет.
  8. Роберт Конквест. Большой террор. Книга 1. – Москва: Издательство: «Ракстниекс», 1991. Стр.-1.
  9. Из протокола №25а обьединенного заседания Президиума Казпартбюро и Президиума КазЦИКа. Архив Президента Республики Казахстан. Ф.140. Оп.1. Д.83. Л.33. Муканова Г.К. Публицистика Смагула Садвокасова. – Алматы, 2013.
  10. Из отчета Семипалатинского губкома РКП(б) – О работе секций губкома, от 15 апреля 1921 года. ЦДНИ ВКО. Фонд-01, опись-01, дело-35, лл.-68-71.
  11. Из протокола №33 заседания Казпартбюро от 16 мая 1921 года. Архив Президента Республики Казахстан. Ф.40, Оп.1. Д.81. Л.56. Муканова Г.К. Публицистика Смагула Садвокасова. – Алматы, 2013.
  12. Из протокола заседания губревкома – об издании воззвания к желающим вернуться на родину киргизам, от 12 июля 1921 года. ЦДНИ ВКО. Ф.01П. Оп.-Л. Д.43. Л.92.
  13. Из протокола заседания Киробкома РКП(б) о неправильных действиях уполномоченного КирЦИКа С. Садвокасова от 9 августа 1921 г., Оренбург. Ф.139. Оп.1. Д.11. Л.23-23 об. Движение Алаш. Апрель 1920-1928 гг. Т. 3. Кн. 1. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. Стр. 97-98.
  14. Докладная записка членов Устькаменогорской организации РКП(б) Смирнова и Ямпольского в Семипалатинский губернский комитет РКП(б) – Об антипартинйной линии поведения члена партии Фофанова от 14 апреля 1921 года. ЦДНИ ВКО. Фонд-01-П, опись-01, дело-76, лист-2. Гражданская война в Восточном Казахстане, 1917-1922 г.г. // Сборник документов. – «КГУ ЦДНИ ВКО...», 2013. Стр. 239.
  15. Протокол совещания коммунистов-киргиз делегатов 2-го Всекиргизского сьезда Советов 4-го сентября 1921 года. Движение Алаш: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. В 3-х томах. 1 кн. – Алматы: ОФ «Дегдар», 2016. Стр. 156-157.
  16. Сыдыков Е., Малышева М.П. «Сибирь и Казахстан» (Национально-территориальное размежевание Сибири и Казахстана. 1919-1922 гг.). – Семей, 2010. Стр. 114.
  17. Доклад сотрудников ГПУ в КироблКК РКП(б) «О групповой и персональной характеристике, сущности и деятельности Алаш-Орды и националистов киргиз, а также и вообще кирработников». Архив Президента Республики Казахстан. История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012). – Астана: ТОО «Шаңырақ Медиа», 2017. Ф.718. Оп.1. Д.114а. Л.1-7.
  18. Архив Президента РК, Ф.139. Оп.1. Д.769а. Л.3,4.
  19. Из сводки ПП ГПУ по КАССР в востокотдел ГПУ. О встрече Алашордынцев. Г. Оренбург. От 12 декабря 1922 года. Совершенно секретно. Движение Алаш. Апрель 1920-1928 гг. Т. 3. Кн. 1. – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. Стр. 125-126.

Самат ЖҰМАТАЙҰЛЫ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3-курс докторанты

Пікірлер