Құрманғазы заң алдында жауап берсін

3652
Adyrna.kz Telegram

Бас Прокуратураның назарына!

19-20 наурыз 2018 жылы 7 жасар балаға қатысты істен шешіммен шеттетілген Құрманғазы Мүсір, неге әлі уақытқа дейін бұл іс жайлы сұқбат беріп, пресс конференция беріп жүр?
Тіпті керек десеңіз қылмыстық іс жөнінде жарияламау жайлы қол қойған!
Жәбірленуші тарап Құрманғазы Мүсірден бас тартқан шешімнің кішкене бөлігін салайын.
Бірақ әлі уақытқа дейін, іс жайлы жариялап жүр.
Қателеспесем Бауыржан Азанов осы істі фейсбукта жариялап қойды деп оған қатысты қылмыстық істе ашылған болатын. Ал наурыз айынан бері қанша уақыт өтседе Қ.Мүсір бұл қылмыстық іске қатысты көптеген видеолар мен сұқбаттар беріп жариялап жүрді.
Заң бәрімізге ортақ.
"Әділдік"- деп шыңғырып жатқан орыс тілді блогерлер!
Онда бәрі әділ болсын!
Азанов пен қоса дәл сол уақытта Қ.Мүсір де бұл істен шеттетілген неге оның үстінен іс қозғау керек деп жазбайсыз Аружан Саин ханым!?
Сонда Азановқа жүрген заң, Мүсірге жүрмейді ме?
Әлде бұл жерде біз білмейтін сыбайластық бар ма?
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі, ұлттық бюро, Облыстық Прокуратура мына менің жазбама көңіл бөліңіздер!
Әділдік жеңсін! Заң жеңсін! Адалдық, ашықтық болсын!,
Елбасымыз адалдық алаңын бекерден бекер құрған жоқ!
Қылмыстық іс біткенше, үндемедім!
Енді тек заң сөйлесін!

Сосын ертең Алматыда "Отрар" қонақ үйінде пресс конференцияда Қ.Мүсір спикер бола алмайды бұл іске қатысты. Себебі Мүсір бұл істе ешкім емес! Бас Прокуратура осыған қатты көңіл бөлуіңізді сұраймын!

Незнание закона не освобождает от ответственности, даже если это закон другого государства!
Так что Құрманғазы заң алдында жауап беретін уақыт жетті деп ойлаймын!

Айгүл Орынбек

Пікірлер