Қазақ тілі қысымға ұшырады, біз отаршылдықтың құрбанымыз! - Данияр Әлшінов (ВИДЕО)

4820
Adyrna.kz Telegram

Белгілі актер Данияр Әлшінов қазақ тіліне қатысты өз пікірін ашық айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Біз бәріміз өз тілімізде сөйлемейтін құрбанбыз. Сен сөйлей аласың ба, жоқ па, ол маңызды емес. Мен бұл  үшін ештеңе істеген де жоқпын. Жай ғана өмір сүрдім. Бірақ, өмірімнің бір мезетінде ана тілін 100 пайыз білмегендіктен қазақ мәдениетінің орасан зор игіліктерінен айырылғанымды түсіндім. Бәлкім, бұл менің кінәм емес шығар. Бірақ, мені жек көретіндер мен қазақша сөйлемейтіндердің барлығын түсінемін. Өйткені, біз отаршылдықтың құрбанымыз, ана тіліміздің қысымға ұшырауының құрбанымыз. Сондықтан біздің «Қазақша сөйлеңдер!» деп қандай да болсын моральдық өтемақы алуға құқығымыз бар. Мейлі, сен қазақсың, «қай тілде сөйлегім келеді, сол тілде сөйлеймін» дейсің. Негізінде иә, бірақ бұлай айтпағаның дұрыс. Қазақ тілін үйрену қаншалықты қажет екенін тез ұғынсақ, соғұрлым бұған ренжудің қажеті жоқ екенін түсінеміз», - деді Данияр Әлшінов Dope soz YouTube арнасына берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер