"Қайыспас қара нарлар". Қазақ құтқарушылары - Түркия топырағында

6841
Adyrna.kz Telegram

Қазақ елінен  алыстағы бауырларға арнайы аттанған құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның Газиантеп аймағына жетті. Олар бірден іске кірісіп, Түркия тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

- Қазақстан жолдаған құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияның Газиантеп қаласындағы әуежайға ұшып келді. Елші бастаған дипломаттарымыз қастарында, - деп жазды.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер