Оңтүстік Африкада сел жүріп, лай көшті: 11 жан қаза тауып, 4 адам жоғалды

2287
Adyrna.kz Telegram

Табиғаттың тосын мінез танытуына қатысты ақпараттар жер-жаһанның түкпір-түкпірінен түсіп жатыр. Оңтүстік Африканың солтүстік-шығысында орналасқан Ваал бөгеті толассыз жауған жаңбырдың салдарынан істен шығып, лай аралас сел жүрді. Салдарынан 11 жанның демі үзілді, 4 адам жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оңтүстік Африкада орналасқан Ваал бөгеті қатты жаңбырдың салдарынан істен шықты. Бөгетке лықа су толу салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 4 адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл видеода Вандербейлпарк қаласы маңындағы Лохваал ауданында көптеген үйлер мен көліктерді су басқаны бейнеленген. Жергілікті билік өкілдері су тасыған аймақтарда көптеген жолдар, көпірлер шайылып, медициналық және білім беру мекемелері бұзылғанын хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер