«Zerdeli» ҰБТ нәтижесі бойынша Астана үздіктеріне шетелге жолдама сыйлады

3597
Adyrna.kz Telegram

«Zerdeli» ақыл-ой дамыту орталығы ҰБТ нәтижесі бойынша Астана үздіктеріне марапаттап, шетелге жолдама сыйлады. Бұл туралы директор Рысбек Мәуіт жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Күзде уәде еткеніміздей кеше қаңтар ҰБТ нәтижесі бойынша Астана үздіктерін марапаттадық. ҰБТ нәтижесі бойынша 100-ден жоғары ұпай жинаған 400-ден астам оқушы, 120-дан жоғары жинаған 102 оқушы, 130-дан жоғары жинаған 10 оқушы болатын.

138 ұпай жинаған Молдашов Мадиге Европаға жолдама, дайындаған ұстаздарына ақшалай сыйлық, басқа ең жоғары жинаған 5 оқушыға Дубайға жолдама (негізі 3 оқушы деп уәде еткенбіз), және үздік оқушылар мен оларды дайындаған 32 мұғалімге ақшалай сыйлықтар берілді.

Зерделіде ҰБТ-ға жүктелген міндеттерді асыра орындағаны үшін ұстаздарымыз Шынғазы Барлық, Тілеубергенова Мадина, Әлімбеков Елдосқа және менеджеріміз Жұмабай Перизатқа Дубайға жолдама берілді.

Зерделі ашылғаннан бастап жұмыс жасап, Зерделі үшін еселі еңбек жасап келе жатқаны үші басшылық алқаның қолдауымен Қапатұлы Қилымбекке Европаға жолдама берілді.

Енді бұл шара басқа облыстарда да жалғасын табады!

Маусымда өтетін ҰБТ-да түлектерімізге сәттілік тілейміз. Бұдан да жоғары жетістік көрсететініне сенімдіміз!»—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер