Әнші Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады

2448
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/d.juzz
Фото: Instagram/d.juzz

24 ақпан күні Таиландта жол-көлік апатынан қайтыс болған Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбековтің аяқталмаған альбомы жарыққа шығады. Бұл туралы «õzen» музыкалық лейблінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Darkhan Juzz-дің аяқталмаған альбомы қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Оның барлық әндерін пайдалану құқығы ұлы Ади мен қызы Айданаға беріледі. Стримингіден түсетін 100% қаражат оның отбасына аударылады. Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін көп жұмыс атқарылады. Оның музыкасы мәңгі сақталсын», - делінген «õzen» лейблінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, желіде қазақстандық жас әншілер Дархан Жүнісбековтің артында қалған екі баласы мен отбасына қолдау көрсету үшін көмек жинау басталғанын хабарлап жатыр.

Айта кетейк, сыртқы істер министрлігі мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Кеше кешке өнер иесінің жанкүйерлері Алматы қаласында оның рухына тағзым етіп, музыканттың әндерін орындаумен еске алды.

Пікірлер