"Асқарыма бас иіп рахметімді айтамын": Ерлікпен қаза тапқан батырдың жұбайы әсерлі жазба жариялады

2387
Adyrna.kz Telegram
Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел өзінің Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Ең әуелі Аллаға шүкір етемін. Асқарыма бас иіп рахметімді айтамын. Менің жан-жарым болғаны үшін, жақсы-жаман күндерде әрқашан жанымнан табылғаны үшін, барлық еркелігімді көтере алғаны үшін, сүйікті жарым деп мені ғана атағаны үшін, тәп-тәтті қыздарымыздың әкесі болғаны үшін, әке деген құрметті атқа лайық болғаны үшін, біздің арқа-сүйер тірегіміз болып, жан-жылуын төккені үшін, жұмыстан үйге қайтқанда үнемі күліп кіріп, жарық шуақ сыйлағаны үшін, мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаны үшін, отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзір болғаны үшін, бақытты отбасы болуға барынша талпынғаны үшін алғысым шексіз. Алғыс айтудан шаршамаймын да.

Одан кейін ата-анама, бауырларыма, ағайын туысқандарыма алғысымды айтамын. Алғысымды жабыққанда жанымнан табылған, қиналғанда маған қарайласқан, маған демеу болған достарыма айтамын. Және де біздің тілеуімізді тілеп, үнемі дұғаларыңызға қосып жүрген Сіздерге де алғысымды айтамын. Ұмытпаңыз! Мұсылманның әр күні алғысқа толы! Біз үнемі тілімізбен де, жүрегімізбен де Аллаға, адамдарға алғыс айтудан тынбауымыз керек», - деп жазды Әнел Забикулина.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер