Bereke Bank АҚШ-тың санкциялар тізімінен шығарылды

2712
Adyrna.kz Telegram

Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Украинадағы жағдайдан кейін ресейлік «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншісіне өтіп, аты Bereke Bank болып өзгергені белгілі. АҚ Қаржы министрлігінің ресми сайтында осы Bereke Bank-тің санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы мәлімет шықты.

Нақтырақ айтсақ, Шетелдік активтерді бақылау басқармасының санкциялық SDN-тізімінен шығарылған.

Санкциялық тізімнен шығарылған Bereke Bank сайттағы құжатта төрт түрлі атаумен берілген: «Ресей Себрбанкінің еншілес банкі», SB SBERBANK, «Ресей Сбербанкінің еншілес акционерлік қоғамы және TEXAKABANK.

Былтыр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Bereke Bank»-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен өтелмейтінін мәлім еткен еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер