Сайлау күні қосымша полиция күштері жұмылдырылып, сақшылар саны артады

2181
Adyrna.kz Telegram

Үкімет ғимаратында болған кездесуде ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов арнайы мәлімдеме жасады. Министр Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні қосымша полиция күштерін жұмылдырылып, қарқынды қызмет ететіндерін жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен қатар, министрдің Қазақ елінде құрылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесін полиция күзететінін айтты.

"Бізде 10 мың сайлау учаскесі бар. Біз оларды күзетуге міндеттіміз, сондықтан қосымша күштер тартылады. Ол жерге сайлау бюллетеньдері әкелінген кезде олар тәулік бойы күзетіледі, бұған қоса қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біздің патрульдер нақ сол учаскелерге жақын маңдағы шеңберді назарда ұстайды. Негізінде, байқамаған боларсыз, күн сайын жалпы саны 12 мың адам болатын патрульдер ауысыммен шығып, сіздің тыныштығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді", - деді Марат Ахметжанов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер