Президент Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

1613
Adyrna.kz Telegram
Фото: Борт №1
Фото: Борт №1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында және сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Бұл ретте Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс бере алады.

Пікірлер