"Екі адам қаза тапты": Блогер су басқан БҚО-на көмек көрсетуге шақырды

3469
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы мен өзге де елдімекендерде 180-ге жуық үйді су басты. Сонымен қатар 2 адам көз жұмған. Бұл туралы блогер Есентай Ниязбаев Instagram парақшасында  тұрғындардың үйге жету үшін қайықпен қатынап жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Ақсай қаласы мен оның жанындағы біраз ауылды су басты. Біздің батыста су тасқыны болып жатыр. 180-ге жуық үй судан зардап шекті, ол 180 отбасы. Қаншама адам, қаншама сәби. Жарайды, су ертең кетеді. Бірақ үйде дымқыл бәрібір қалады. Қанша адам туберкулезбен ауырады. Бірақ біздің батысқа жаздың келуіне әлі 2 ай бар. Қазір 2 адам су тасқынынан қайтыс болды. Адамдар үйіне жету үшін қайықпен жүреді", – деді блогер.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтарды Ақсай, Қызылтап, Аралтап, Пепел, Кентубек және басқа да елді мекендерге көмек көрсетуге шақырды. 

Пікірлер