Құлыбаевтың компаниясына тиесілі 6 миллиард теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

7972
Adyrna.kz Telegram

Алматыда бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің меншігіне өткен.

«Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. 24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген. Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Достық строй» құрылыс компаниясына «JOINT TECHNOLOGIES»ЖШС және «КИПРОС» ЖШС иелік етеді.
Соңғы аталған серіктестіктің құрылтайшысы ретінде Тимур Құлыбаев аталған.

Пікірлер