Украина: Еуропа көшбасшылары Бучада бас қосты

3330
Adyrna.kz Telegram

Осыдан бір жыл бұрын ресейлік басқыншылардан босатылған Украинаның Буча қаласына Еуропа көшбасшылары келді. Олардың арасында Молдова басшысы Майя Санду,  үш елдің премьер-министрлері Эдуард Гегер (Словакия), Роберт Голоб (Словения) және Андрей Пленкович (Хорватия) бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Молдова президенті Майя Санду өзінің Украинаға сапары жайлы Twitter-де хабарлады.

"Молдова халқы әлем жұртшылығымен қашан да бірге.  Біз Бучадағы бейбіт тұрғындарға жасалған террорды ұмытпаймыз. Жазықсыз жан тәсілім еткен жандарды жүрегімізде сақтаймыз және қайғыра еске аламыз", – деді Санду.

Сонымен қатар, президент демократиялық елдердің  мұндай қатыгездіктерді тергеу мен жазалауға араласып, бірлесіп жұмыс атқаруы керек екендігін атап өтті.

Молдова президенті бір жыл бұрын ресейлік басқыншылардан босатылған Бучи қаласының суретін жариялады. Сонымен қатар, қалаға президент Владимир Зеленскиймен бірге Словакия Премьер-Министрлері Эдуард Гейгер, Словения Роберт Голоб және Хорватия Андрей Пленкович келді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер