Тоқаев Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

2281
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасының Жарлығымен Қаймолдин Әбдіғалиға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен қаһармандығы, ерлігі мен жанқиярлығы, соғыстан кейінгі мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы ерекше құрмет белгісі – бұрын Алтын Жұлдыз және «Отан» ордендерімен марапатталған – Гапичу Иван Степановичке де берілді.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы 30 маусымда Семей облысы, Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы маусымда әскер қатарына шақырылды. 1941 жылдан 1945 жылдың 9 мамырына дейін Сталинград, 1-Украина, 1-Белорус, 3-Прибалтика майдандары құрамында шайқасты.

Иван Гапич 1923 жылы 2 ақпанда Ақмола қаласында дүниеге келген. Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Бүкіл соғысты басынан өткеріп, фашистік гарнизондар мен комендатураларды талқандаған, оқ-дәрілер мен азық-түлік қоймаларын талқандаған отрядтың әскери қимылдарына қатысты. 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруінің қатысушысы болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер