Қазақстанда қандай тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға болмайды?

2767
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда салынып жатқан әрбір екінші үй рұқсатсыз салынып жатыр. Мұндай деректер мемлекеттік тұрғын үй порталында жарияланды. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша үлестік қатысуға тыйым салынған 168 тұрғын үй кешені бар. Бұл туралы  Krisha.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Астанада ең көп құрылыс салушы-бұзушылар анықталды. Тізімде жүздеген тұрғын үй бар.

Алматыда тұрғын үй сатып алуға болмайтын 6 нысан бар, олар:

  • "Верона"
  • "Достар Делюкс"
  • "Орда Сити"
  • "Демеу Резиденс"
  • "Толе Би Резиденс"
  • "Ауэзов Апартаменты"

Шымкентте сатуға тыйым салынған тізімде барлығы бес тұрғын үй бар:

  • Capital City.
  • "Тарту".
  • "Латифа".
  • Alim.
  • Capital.

Егер аймақтар бойынша айтар болсақ, заңсыз салынып жатқан үйлер Абай облысында және ШҚО-да көп. Әрқайсында заңсыз салынып жатқан 15 тұрғын үй бар.

Одан кейін Атырау облысында - 8 тұрғын үй, Ақтөбе облысында 5, Ақмола және Қостанай облыстарында 1 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр екен.

Айта кетейік, заңсыз салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу қауіпті. Себебі пәтер аламын деп ақша салғандар үйді де, ақшасын да қайтарып ала алмауы мүмкін.

Пікірлер