Түркиядағы президент сайлауы. Екінші кезеңнің алғашқы нәтижелері жарияланды

2505
Adyrna.kz Telegram

Түркияның үкіметшіл Anadolu агенттігі мен оппозициялық Anka агенттігі Түркиядағы президент сайлауының екінші турындағы дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Түркия дауысы" telegram арнасына сілтеме жасап.

Осылайша, Anadolu хабарлауынша, дауыс беру жәшіктерінің 71,45 пайызынан алынған бюллетеньдерді санағаннан кейін Ердоған 54,37 пайыз, Қылычдароғлы 45,63 пайыз жинап отыр.

Анка агенттігінің мәліметінше, екінші турда Қылычдароғлы 700 мыңға жуық дауыспен (шамамен 2 пайыз) алда келеді.

Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турына сайлаушылардың қатысуы 84-85 пайыз болуы мүмкін. Бірінші турда сайлаушылардың 88,92 пайызы қатысқан.


Шетелде тұратын ел азаматтарына дауыс беру 24 мамырда аяқталды. 73 елдегі сайлауға барлығы 3,5 миллион сайлаушы қатысты.

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі жексенбі күні кешке аяқталды. Қазіргі мемлекет басшысы Ыстамбұлдан Анкараға келіп, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда өз резиденциясынан азаматтарға сөз сөйлейді деп жоспарлап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер