Студенттерді әскерден босату, олардың борышын өтеу туралы ойын бұзады - депутат

2684
Adyrna.kz Telegram
Фото: qaz365.kz
Фото: qaz365.kz

 Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов жастардың әскери міндетін өтеуі жолындағы кедергілер мен проблемаларды атады. Бұл туралы ол Мәжілісте айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Біріншіден, елімізде жастар саясаты мәселесі мен ұлттық идеология ақсап тұр. Екіншіден, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбие жоқтың қасы. Үшіншіден, отбасы мен мектеп тәрбиесі, қоғамдық орта мен жұмыс орнындағы тәрбие төмендеп кеткен. Төртіншіден, колледждер мен ЖОО қабырғасында күндізгі оқу формасындағы жастарды әскерден босату – жастарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге деген ниетін бұзып отыр, - деді Ерболат Саурықов Мәжілісте өткен іс-шараны аша отырып.

Сондай-ақ, ол бесінші проблема ретінде жастарымыздың бойында Отан алдындағы борышын өтеу керектігін ұмытып, санасында жеңіл қаржы мен табыс табу сияқты ойлар басымдыққа ие болып алғанын көрсетті.

Алтыншыдан, діни ағымдағы қызметкерлер мүлдем алынбайды, ал өзге ұлт өкілдері көбінесе әскерге барудан бас тартады. Жетіншіден, мемлекеттік қызмет пен оған теңестірілген азаматтар, құқық қорғау саласына жұмысқа тұрушылар міндетті түрде әскерден кейін ғана жұмысқа алынуы міндет деген басты қағида орындалмайды. Сегізіншіден, қазіргі әскердегі келеңсіз оқиғалар: күш көрсету, қаржы талап ету, еріксіз жұмысқа шегу, әділетсіздік орнату, адам өлімі мен түрлі суицидтер жастардың әскерге бармауының басты себебі болып отыр, - дейді ол. 

Пікірлер